«Қыран» футбол командасы оқу жаттығу жиынын бастады

445
Қыран футболшылары оқу жаттығу жиынында

Бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі сәуір айына жоспарланған. Әлі де уақыт бар. Алайда алдын ала дайындық қажет екенін алға тартқан мамандар, шымкенттік футболшыларды бір спорт ордасына жинап, алғашқы жаттығуын бастады.

Кезінде «Жігер» командасында өнер көрсеткен Файзулла Ордабаев бас бапкері қызметіне биыл ғана келді. Команда құрамын да осы маман жасақтауда. Анау айтқан өзгерістер болмайды дейді жаттықтырушы.

Файзулла Ордабаев – «Қыран» ФК бас бапкері: «Команда ойыншыларының басым бөлігі шымкенттіктер болады. Ертең тағы е кі футболшы келеді. Әзірге олардың есімін айта алмаймын. Сондай-ақ легионерлер болуы да әбден мүмкін.»

Қыранның сапында 30 футболшы бар. Биыл олардың қатарында бірнеше жас футболшы да пайда болған. Ордабасының қосалқы командасынан да ойыншылар қосылған. Ал бас бапкердің көмекшісі болып бразилияда тәжірибе жинақтап қайтқан маман келді.

 Әуелбек Дербісбаев, жаттықтырушы: «Ересектер командасында алғаш рет жұмыс жасауым. Әзірге футболшылармен танысып үлгерген жокпын. Жұмыс енді басталды.  Үйреніп кетеміз деп ойлаймын.»

Биыл Қыран футболшылары бірінші лига командалары арасында алғашқы бестіктен көрінуі тиіс. Облыс басшылығы осындай жоспар қойып отыр. Жарыс сәуір айында басталады.