Жыл басынан тұрғындар зейнетақы қорынан 64 млрд теңге алған

81

Ағымдағы жылы  тұрғындар зейнетақы қорынан 64 млрд теңге алды.

Демек, қордың активтері де азайды. Алайда былтырға қарағанда салымшылардың қорға аударымы 28 пайызға өскен. Азаматтар үй алып, емделуге және ақшаны инвестициялық басқаруға беру үшін шекті мөлшерден асқан артық соманы пайдаланды. Зейнет жасына шыққандарға 26 млрд теңге, шетелге қоныс аударғандарға 12 млрд теңге қайтарылған.

Қазір қордағы активтер 13 трлн теңгеге жуық. Негізгі үлесі Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына тиесілі. Оның құны наурызда 66 млрд теңгеге өскен.

Шынар Оразова