Интернет алаяқтардан сақ болыңыз. Соңғы 4 айда еліміз бойынша осындай 2 мыңнан астам дерек тіркелді.
Әсіресе, азаматтардың жеке мәліметтері арқылы есеп-шоттардан ақша ұрлау жағдайлары көп. Ал онлайн-қарыздарды рәсімдеу кезінде 1000-нан астам қылмыс жасалды. Бұған қоса ақшаны әр түрлі инвестиция немесе мөлшерлемемен көбейту сылтауымен 400-ге жуық адам алданған. Бұл жөнінде ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров мәлімдеді.
Айтуынша, интернет алаяқтардың жолын кесу мақсатында арнайы бағдарлама қолға алынды. Оның аясында тәртіп сақшылары мемлекеттік мекемелер, екінші деңгейлі банктер және онлайн сауда операторларымен тығыз әріптестік орнатқан. Соның арқасында өткен жылмен салыстарғанда қылмыс көрсеткіші әлдейқайда төменде.
Шынар Оразова