Жыландар үйлерге шабуыл жасай бастады

243

Өткен аптада Шымкент қ. Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының жеке құрамы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына 82 рет шықты. Оның ішінде мереке күндері 2022 жылғы 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында 21 шығу: 6 шығу жылан аулауға, 14 шығу кезекшілік атқаруға, 1 шығу іздестіру-сүңгуірлік жұмыстарға.

Шымкент қаласы, Азат м/а Ынтымақ 1 «А» үйдің ішінде, Лихачев өткелі 1/21 үйдің ауласында, Әлімбетов көшесі 24 үй, «Карина» балабақшасының ауласында, Тассай ш/а, Мұңайтпасов кошесіндегі үйдің ауласында, Нұртас ш/а, 190 орам, 13 учаскедегі үйдің ауласында, Еламан ш/а, Көкжелік көшесі 10/46 учаскедегі үйдің ауласында жылан жүргені туралы хабар түсті. Құтқарушылар мекенжайлар бойынша келіп, жыландарды арнайы құралды қолданып ұстап , кауіпсіз жерге шығарып тастады.
Ағымдағы жылдың мамыр айының басынан бастап Шымкент қаласының аумағында жыланға байланысты 6 оқиға тіркелген.

Сәуірдің ортасында мамыр айының соңында жыландарда жұптау процесі жалғасады. Осы кезеңде олар ең қауіпті және ең үлкен агрессияны көрсетеді.

Бауырымен жорғалаушылармен кездескенде өзін қалай ұстау керек және жылан шаққаннан қалай аулақ болу керек.

Ең алдымен, оны анықтауға тырыспай, одан 1,5 – 2 метрге алыстаңыз, бұл жағдайда жылан адамға ұмтылуға асықпайды. Егер сізді жылан шағып алған болса, алдымен көлденең позицияны алу керек және аз қозғалу керек. Жарадан уды өз бетінше алып тастауға тырыспаңыз, тістеген жерді байлауға тырысспаңыз, өйткені бұл адамға теріс әсер етуі мүмкін. Антигистамин препараттарды, көп суды ішіңіз және адамды мүмкіндігінше тез ауруханаға жеткізіңіз.

Жеке меншік үйлердің аумағында жыландардың алдын алу туралы-үйдің айналасындағы жерлерді тазарту, іргетастағы жарықтарды герметизациялау. Жыландар табылған жағдайда «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз.

 

QAINAR KÓZ Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы