Шымкентте жыландар көбейіп кетті

140

Биыл Шымкентте жыландар қаптап кеткен бе дерсің?! Бір ғана жексенбі күні қала тұрғындары жыландарды ұстау үшін 14 рет құтқарушыларға жүгінген. Ал жыл басынан бері шымкенттік құтқарушылар жылан аулауға 42 рет шығып, оның ішінде 31 жылан табылып, қауіпсіз аймаққа шығарылған.

Қоңыраулардың көбі мамыр айында болған, құтқарушыларға қала тұрғындарынан 35 шақырту түскен. Ал демалыс күндері қала тұрғындары жыландарды ұстау үшін 14 рет құтқарушыларға жүгінген. Оның ішінде 7 қоңырауда жылан табылмаған.

Ал қалған 7 шақыртуда табылған жыландарды құтқарушылар қауіпсіз аймаққа шығарды. Құтқарушылар оқиға орнына барып, жыландарды арнайы техникамен ұстады.