Әл-Фараби ауданында балалар алаңшасының құрылысы жүргізілуде

124

Қала әкімінің  есепті жиынында  тұрғындар тарапынан жиі көтерліген мәселелер-  аулаларды абаттандыру және балалар алаңшасының құрылысы

.

Тустарына қонаққа келген Назгүл Жахан балалары маза бермеген соң ауладағы балалар алаңшасына шыққан еді. «Еш өкінбедім, қызым мен ұлым әткеншек пен сырғанақта ойнап көңілдері көтеріліп қалды»,- дейді жас ана.

Назгүл Жахан, Шымкент қаласының тұрғыны: «Қазығұрт шағынауданында тұрамыз. Қонаққа келгенбіз ғой. Балалар ойын алаңшасы керемет екен. Қала да өзгеріпті,  көркейіп кетіпті».

Әл-Фараби ауданындағы Диваев көшесіндегі 144, 144 6 үйлердің ауласында екі балалар алаңшасы бой көтереді. Құрылысты 10 күн бұрын бастаған құрылысшылардың жұмысы осындағы тұрғындардың бақылауында.

«Кемшіліктер болса, сол кезде айтып бәрін түзетудеміз. Құрылыстың соңына дейін құрылыс барысын қадағалаймыз»-дейді Әл Фараби ауданының тұрғыны Сайлаубек Оңалбеков

«Тұрғындардың ескерту-өтініштерін ескереміз. Алаңдағы Кеңес Одағы кезеңінен қалған әткеншектер, ауладағы ескі орындықтардың барлығы алынып, абаттандырамыз» деп сендірді мердігер.

Гайратали Даванов, мердігер мекеменің өкілі: «Балалар алаңшасында  түркиялық   ойын элементтерін  қоямыз, екі демалатын шатыры бар орын, қоқыс  жәшіктері мен орындарды ауыстырамыз.  2 айда бітіреміз».

Екі балалар алаңшасы мен ауланы абаттандыруға бюджеттен 45 млн. теңге бөлініпті. Маусымның соңына дейін мердігерлер екі нысанды да пайдалануға тапсыруы тиіс. Түсірілімді бастамаңдар арнайы киім алдырайық деген мердігерлердің өтініші құрылыс талаптарына қайшы екені құрылыс басында болған Әл Фараби ауданы әкімінің өкіліне түсіндірілді. Шенеуніктер алдын ала ескертпейсіздер ме деп сұхбаттан бас тартты.

Спорт шағынауданындағы №9 үйдің тұрғындары ауламызда құрылыс басталғанда марқайып қалып едік. Қуанышымызды бүгін су сепкендей басылды. Екі апта бұрын басталған жұмыстар баяулап міне мүлдем құрылысшылар жоқ дейді Гүлжан Бекмұсаева. Әкімдіктегі жауапты мамандармен хабарласып еді, мердігердің бұдан бөлек тағы бір нысаны бар екенін жеткізді.

Гүлжан Бекмұсаева, Спорт шағынауданы №9 үй комитетінің төрайымы: «Талдарды кестірмедік көлеңке болады деп. Былтыр өтінішті беріп едік міне биыл кезегіміз келіпті. Орындық бізге керек емес екі -ақ подъезд 15 баламыз бар. Өзіміз шығып отырмаймыз біреулер отырып маза бермейді кешке. Осы өтінішмізді ескерсе».

Тұрғындар аулалар кезеңімен абаттандырылып, балалар алаңшалары бой көтеретініне сенімді. Қала әкімінің халық алдында есепті жиынында Әл Фараби ауданының әкімі шағынаудан, тұрғын алаптарында салынатын әлеуметтік нысандар, көше жолдары жайлы толық мәлімет бергені дұрыс болды дейді олар.

Шынар Оразова