I-shymkent орталығының қызметін онлайн және офлайн алуға мүмкіндік бар

24

Шымкентте i-shymkent орталығының қызметін онлайн алуға мүмкіншілігі жоқ тұлғаларға арнайы фронт-офис ашылды. Мұнда қазіргі таңда 70 түрлі қызмет көрсетілуде.

Жақын арада қосымша тағы 20 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді болмақ. Жалпы қала тұрғындары үшін орталықта сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне объектілерді қосуға арналған техникалық шарт алуға, жеке және заңды тұлғаларға цифрлық даму бойынша тегін оқуға өтінім беруге, автобус паркіне жұмысқа орналасуға және тағы да басқа қызметтерді онлайн және офлайн алуына мүмкіндік қарастырылған.

Айта кетейік, фронт-офистің мекенжайы Қаратау ауданы, Бәйдібек би даңғылы 116, «Nauryz Park» тұрғын үй кешені. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Мөлдір Ибадуллаева