Кәсіподақ пен спорт

54

Спорттық іс шара «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлы және «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өтті.

Жарыс алаңына шыққан Түркістан облыстық медицина ұйымының мамандары өзара команда құрып, мықтыларын анықтады.

Түркістан облысының медицина қызметкерлері жоғары кәсіби қасиеттерге ие болып қана қоймай, белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатынын тағы бір дәлелдеді.

Салауатты өмір салтын насихаттайтын мұндай шара облыстық кәсіподақта  жылда тұрақты түрде өткізіледі.

Бұл іс-шараға қолдау көрсеткен «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлы жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етті.

Жалпы футбол жарысына емдеу мекемесінің қызметкерлерінен құралған 13 команда қатысты. Жүлделі бірінші орынды Сарыағаш аудандық ауруханасы алды. Екінші орынды Мақтарал аудандық Атакент ауруханасы, үшінші орын Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына бұйырды.

Бұндай үлкен көлемдегі спорттық шараға кәсіподақ мүшелері алғыс айтып , үлкен ынтамен қатысты.

Спортттық шараның негізгі мақсаты- қоғамға АИТВ-ның  берілу жолдары, инфекциядан қорғану әдістері және ауруды уақтылы диагностикалау, жұқтыру қаупі туралы хабардар ету болып табылады.

Алаңда спорттық рух орнап, іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.