Көлік салығын төлемегендердің есепшоты бұғатталады

48
фото 24.кз

Көлік салығын төлемеген азаматтардың есепшоты бұғатталады. Уақтылы төлемегендерге алдымен хабарлама жіберіледі. Бір айдан асқан соң 3 мың теңгеден көп салық қайтарылмаса, мәжбүрлеп өндіріп алу туралы бұйрық шығады.

Борышкердің есепшоты бұғатталады. Одан кейін де берешек өтелмеген жағдайда іс жеке сот орындаушыларға беріледі. Олар негізгі қарыздан бөлек, салықтың 25%-ін қызмет көрсету ақысын ретінде өндіріп алады.

Демек көлік иесі артық шығынға ұшырайды. Сондықтан Кірістер комитеті салықты уақытында төлеуге үндейді. Қазір халықтың көлік салығына қарызы 27 млрд. 756 млн. теңгеден асады.

Шынар Оразова