Марихуанамен ұсталған шымкенттік тұрғын полицейлерге есірткіні қайдан алғанын айтты

170

Шымкенттік полицейлер мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күмән тудырған автокөлікті тоқтатып, тексеру нәтижесінде капотында екі полиэтилен пакетіне салынған салмағы 200 грамм кептірілген марихуана табылды.

Көлік жүргізушінің сөзінше ол есірткіні жергілікті тұрғыннан алған. Және оны өзінің үйінде сақтайтынын айтқан. Осыдан кейін азаматтың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілген. Жедел уәкілдер үйдің артқы ауласында жалпы салмағы 600 граммға жуық есірткі затын тауып, тәркіледі.

Полицейлер автокөлік иесіне қатысты есірткіні заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау жайты бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады. Ал есірткі заттарын өткізу жайты ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тіркелді. Заңнамаға сәйкес ер адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 Жанерке Хумар

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі