Қала әкімі балық шаруашылығының жұмысымен танысты

160

Бүгін Мұрат Әйтенов қала іргесіндегі балық шаруашылығымен айналысып отырған «Алина» серіктестігінің жұмысымен танысты.

Ол жердегі 70 бассейінде қазір 500 мың клари жайынының шабақтары өсірілуде.
Серіктестікте әуелі арнайы балық өсіретін инкубациялық цехтың көмегімен шабақтар жетіледі. Мамырдың соңында 2,5 гектар аумақта орналасқан жасанды көлге ауыстырылып, қазан айында саудаға шығарылады. Балықтар ішкі нарық пен көрші елдерге саудаланады.

Балық шаруашылығын аралап көрген қала әкімі М. Әйтенов ішкі нарықта қолжетімділікті арттыру үшін шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.