Қаратау ауданының тұрғындары салықтан жарты миллиардтан астам ақша қарыз

84

Шымкент қаласы бойынша соңғы болып құрылған Қаратау ауданында салықтан жалтарып жүргендер бар.

Аталған аудандағы кірістер басқармасының мәліметі бойынша, көлік салығынан 11 мың салық төлеушінің жалпы 390 млн. теңге қарызы бар. Ал 2021 жылға дейін мүлік салығын төлемеген азаматтардың саны 7 мың 352. Олардың берешегі 59 млн. теңгені құрайды. Ал жер салығынан 6345 адам осы күнге дейін 75 млн. теңге берешегін өтемеген.

Мемлекеттік кірістер басқармасының негізгі міндеттерінің бірі салық заңнамасының сақталуын , міндетті төлемдердің дер кезінде бюджетке түсуін қамтамасыз ету. Және салықтық түсімдер бойынша белгіленген жоспарды орындау.

Қайрат Құдияров, Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы: «1 ші тоқсандағы бекітілген жоспарды 108 пайызға орындадық, Жалпы жоспар бойынша қазынаға 7 млрд 346 млн теңге түсуі тиіс болса,  ол көрсеткіш 613 млн-ға артығымен орындалып, бюджетке 7 млрд 959 млн теңге түсті».

Ауданда 18 мың 969 салық төлеуші болса, олардың 4 мыңнан астамы заңды тұлғалар, ал 14 мың-ы дара кәсіпкерлер. Міндетті төлемдер мүлік, жер көлік салығын төлемеген 18 мыңнан астам тұрғынның, 450 млн-ға жуық қарызы осы күнге дейін өндірілуде.

Қайрат Құдияров, Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы: «Біздің аудан бойынша  50 576  көлік  иесі тіркелген,  олардың 11 мыңы көлік салығынан  390 млн қарыз. Мүлік салығынан  7 352 адамның берешегі 59 млн. теңгені құрайды. Ал жер салығынан 6345 салық төлеуші  осы күнге дейін 75 млн теңге қарызды өтемей келеді».

Сала мамандары аудан тұрғындарын салықтан жиналған қарыздарын тез арада төлеуге шақырады. Өйткені әр өткізіп алған күніңіз үшін өсімпұл есептеледі, ал жеке сот орындаушылары өндіру барысында берешектің сомасына қарай өз қызметтеріне ақы алады. Сондықтан, шығынға түспеудің амалы, мүлік, көлік салығын уақытысында төлеу.

Шынар Оразова