Қауіпсіздік саласы

66

Қазіргі таңда, жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1400 бейнебақылау камералары орнатылды. Ал жол қауіпсіздігін сақтау үшін 199 желілік учаскеге 796 камера және 100 жол қиылысына 877 интеллектуалды бейнебақылау камералары орнатылды.
Бейнебақылау камераларының ауқымын ескере отырып, Шымкент қаласының жедел басқару ортылығында жаңартылған бейнеқабырға құрылды. Көріну шолу 3 есе артып, контроллердің көзі 2 нүктеден 8 нүктеге дейін көбейді.
Жоба толық қараша айынның 15 жұлдызында аяқталып, айыппұлдарды сала бастайды.
Қала бойынша әлеуметтік нысандарды қосқанда 7753 бейнебақылау камералары орнатылған.
Одан басқа, Нұр – Сұлтан қаласының мысалында, қалалық қызметтер орталығы — «I-Shymkent» жобасы тәжірибелік қолданысқа енгізілді.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова