Қазақстан Біріккен Араб Әмірлігіндегі халықаралық аккредиттеу орталығынан халал өнімдерін сертификаттау және Қазстандарт зертханасын аккредиттеу туралы ресми құжат алды.
Бұл жаңалықпен премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, Қазақстанның шетелге жеткізетін тауарлар тізімін кеңейтуге мүмкіндік туындады .Ел ішінде Халал халықаралық сертификатын алу мүмкіндігі экспортты арттыруға ынталандырады деп күтілуде.
Шынар Оразова