Шымкентте ер адам лифтте балалы әйелге шабуыл жасады

177

Бүгін, 25 мамырда, сағат 8:43-те, болжам бойынша «Нұрсәт» шағынауданында,  ер адам лифтте әйелге шабуыл жасаған.

Куәгерлердің «Отырар» телеарнасы редакциясына жолдаған кадрларында, лифтке сәбилер арбасын ұстаған әйел кіргенін, оның артынша кірген ер адам сәбилі әйелдің артында тұрып алғанын көруге болады.

Бір мезетте ол, әйелдің аузын жауып, арбадан ішінде ақша болуы мүмкін пакетті тартып алады. Бір қолымен әйелдің аузын жауып тұрып, екінші қолымен әлгі пакетті сөмкесіне салады. Осы кезде лифт есігі ашылып, сәбилі әйел қашып шығады.

Шабуыл жасаған ер адам балалы әйелден не тартып алғаны әзірше белгісіз.  Бұл бейнероликті тәртіп сақшылары зерттейтін болады.

Шабуыл жасаушы мұнымен тоқтап қалған жоқ.  Басқа қабаттың түймесін басқан ол, тағы бір құрбанын күткен болуы да мүмкін.

Ер адам басқа  әйел кірген сәтте лифттен бірер секундқа шығып,  қайта оралады.  Дәл осы жерде видео үзіледі.