Шымкентте қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек жасалатын шөп өсірілуде

74

Шымкенттік ғалымдар қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмек алынатын Стевия өсімдігін өсіріп жатыр. Зерттеушілердің «Stevia өсімдігінен табиғи тәттілендіргіш өндіру» атты ғылыми жобамен айналыса бастағанына 7 жылға жуықтаған. Бүгінгі таңда ғалымдар 15000 түп стевия көшетін дайындап жатыр. Ал зертханада күніне 10 келіге жуық дайын өнім шығарылады. Пайдалы өнім жақын арада сатылымға шығарылмақ.

Шымкентте қант диабеті мен қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек алынатын өсімдік өсіріліп жатыр. Стевия өсімдігінің жапырақтарынан өндірілген табиғи өнім қолданыстағы қанттан 15 есе тәтті келеді. Қазір Шымкентте 15000 түп стевия көшеті дайындалып, 1 гектар аумаққа егу жоспарланып отыр. Қазақстанда бұл саланы ғылыми зерттеп жүргендер бар болғанымен, ешкім өндіріске шығармаған. Ал үшінші мегаполистегі ғылыми зерттеу орталығы – стевияны өндіріс көлемінде шығарып жатқан алғашқы зертхана.

Абдуғани Азимов, «Ғылыми зерттеу» зертханасының меңгерушісі: «Одан алдыңғы ғалымдар шөптің өзін пайдаланған болса, ХХ ғасырдан бастап француз ғалымдары бұдан эксртактын алып бастаған. Бұл өсімдіктің пайдалы жағы көп деуге болады. ҚР алғаш рет өнім етіп шығарып жатырмыз. Жақсы қасиеттерінің бірі қант диабетімен ауыратын жандарға стевияны пайдалана беруге болады. Имуннитеттті жоғарылатып, шаршауды басады».

Ғалымдар бұл ғылыми жұмыспен 2015 жылдан бері айналысып келеді. Ал 2017 жылы стевиозид және стевия шөбінен шай алу бойынша патент алған. Қазір зертханада өсімдіктің шай және таблетка түріндеге бірнеше үлгілері бар.

Айта кетейік, мамандардың сөзінше 5 келі стевия 1 тонна қанттың орнын баса алады. Ғалымдар қазіргі таңда зертханада күніне 8 келі шикізаттан шамамен 10 кг стевиозид өнімін өндіріп отыр.

Есенбек Асылбек, ғылыми қызметкер: «Ең алдымен стевия шөбі шикізат ретінде сыйымдылыққа салынады. Оның ішінде 60 градус температурада шамамен 6 сағат демделеді. Сол демделген субстанция вакуум аппараты арқылы суспензия екінші сыйымдылққа түседі. Бұл жерде қайнатылады. Құрамындағы судың біраз мөлшері алынуы керек. Сол себепті суы бөлініп алынады. Ал астынан дайын экстракт алынады».

Аталған өнім қант диабетінің және қатерлі ісіктің алдын алады дейді мамандар. Ал стевия шәйін 1,5 айға жуық тұтынып жүрген Гауһар Қаппарова расында ағзасының қуаттанып, денсаулығындағы өзгерісті байқағанын айтады.

Гауһар Қаппарова, тұтынушы:  «Мен осы стевияны қолданып жатқаныма 1,5 айға жуық уақыт болды. Әсіресе қан қысымы жоғары адамдарға көптен-көп септігін тигізеді. Қантты айтады ғой «тәтті өлім» деп, ал бұның ешқандай зияны жоқ, сол себепті осыны пайдалануға көштім».

Стевия күн сүйетін өсімдік болғандықтан Шымкентте өсірген тиімді дейді ғалымдар. Ал жақсы суарған сайын тәттілігі арта беретіні айтады. Зерттеушілердің сөзінше дайын өнім шамамен 2 апта көлемінде сатылымға шығады. Ал құны нарықтағы бағадан шамамен 30 пайызға арзан болатынын атап өтті.

Гүлдана Дәурен