Шымкентте жарылыс болған ғимарат «Ауруханааралық №138 аптека» ЖШС-іне тиеселі болып шықты

71

Шымкентте жарылыс болған ғимарат «Межбольничная 138 аптека» ЖШС-іне тиеселі екен. Ғимараттың жалпы ауданы 360 шаршы метр.

Жарылыс салдарынан екі қабатты ғимараттың жартысы, дәлірегі 130 шаршы метрдей аумағы ішінара құлаған. Өрт аумағы 55 шаршы метрді қамтыған.
Өрт 12:06-де өшірілді. Оқиға орнында ер адамның мәйіті табылды.