Бүгін таңертең шымкенттіктер жарылыс дауысынан шошып оянды. Темірлан тас жолының бойында орналасқан түрме колониясынан шығып жатқан қатты дыбыстар мен түтін қала тұрғындарын алаңдатып қойды. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде тез таралып, қызу талқы таразысына түсті.
Шымкент қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) мәліметі бойынша, 2025 жылдың 9 желтоқсанында №54 түзеу мекемесінің өнеркәсіптік аймағында жоспарлы тактикалық және арнайы жаттығулар өткізілді.
«Жаттығулар жоспар бойынша, тұтқындардың қатысуынсыз өткізілді. Зардап шеккендер болған жоқ. Барлық жоспарланған іс-шаралар қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізілді. Жалған ақпараттың таралуына байланысты біз Шымкент тұрғындарын сабыр сақтауға және арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз. Мекемедегі жағдай толығымен бақылауда және тұтқындардың немесе басқа азаматтардың құқықтарының бұзылуы орын алған жоқ», — деп атап өтті департамент.







