Түркістан облысы, Шәуілдір ауылындағы көпқабатты тұрғынүйдегі жарылыстан зардап шеккен 35 жастағы келіншек қайтыс болды. Жәбірленуші Шымкент қалалық «Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына» 3 қараша күні түскі уақытта өте ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, денесінің 80-90 пайызын күйік шалған. Мойын, бас, жамбас, арқа кеуде қуысын толық күйік алған.
Марқұмның артында балалары мен жолдасы қалды. Жәбірленушілер газ жарылған баспананы екі жыл алдын мемлекеттік бағдарламамен алған екен. Естеріңізге сала кетейік, 30 қазан күні Отырар ауданында көпқабатты тұрғын үйде кешкі уақытта жарылыс орын алған еді. Салдарынан бір адам аурухана күйік шалып жеткізілген. Сол мезетте «QazaqGaz Aimaq» АҚ газ-ауа қоспасының жарылуы орын алғанын хабарлаған болатын.
Хабарламада тұрғындар көгілді газды өз еркімен қосып алғаны айтылған. Кейіннен тұрғындар бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айта кетейік, жарылыс орын алған уақытта үйде 7 адам болған. Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты арнайы сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұргүл Жолымбетова






