Шымкенттің 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған

30

Шымкент тұрғындарының 93 пайызы газбен қамтылған. Нақтырақ айтқанда, 81 елді мекеннің 42 толық қамтылса, 31 елді мекенге жартылай көгілдір отын жүргізілген.

Бүгінде 10 елдімекенде ішкі орамдық және 1 магистралдық газ құбырының  құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін «Тұран» магистралды газ құбырының құрылысы және 8 елдімекенге газ тарту жұмысы аяқталады. Яғни, биыл 20 мыңға жуық адам табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 94,7 пайызға жетеді.

Ал, 2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарланып отыр.

Гүлдана Дәурен