Шымкентте дауыс беру кезінде түсірілім тобымыз «батырларды» кездестірді. Бойы 2 метрге жуық қазақ жігіттері дауыс беру учаскелерінің біріне келіп өз таңдауларын жасады.
Ұлттық киім киген «Батырлар» дауыс берген соң жәшікке барып, бюллетеньдерін тастады. Ерекше стильмен келген Батырларды дауыс берушілер мен журналистер олармен бірге фотосессия ұйымдастырды.