Бидай мен ұн экспортына енгізілген шектеу тағы ұзартылуы мүмкін.
Өйткені, оның мерзімі осы айдың 15-інде аяқталады. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрі квотаны қыркүйекке дейін ұзарту мәселесі қаралып жатыр дейді. Ал қазіргі шектеуге сай, елден бидайды 1 миллион тоннадан, ұнды 300 мың тоннадан артық экспорттауға болмайды. Мұндай шара ішкі нарықтағы тапшылық пен қымбатшылықтың алдын алу үшін жасалып отыр.
Шынар Оразова