Енді кез-келген шымкенттік алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрене алады

234

Шымкентте қала күні қарсаңында симулициялық орталық ашылды. Аталған орталықта жоғары білікті мамандар алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын үйретеді. Ал оқуға осы бағыттағы білімін толықтырамын деген кез келген ниет білдіруші жазыла алады.

Енді сіз де адам өмірін арашалап қала аласыз. Өйткені, Шымкентте алғашқы медициналық көмек көрсетуді оқытумен айналысатын орталық ашылды. Мұнда кез-келген төтенше жағдай кезінде науқасқа жәрдем беретін іс-әрекеттер үйретіледі.

Симуляциялық орталықта қарапайым ине егу жұмыстарынан бастап жедел-жәрдем көлігінде көрсетілетін қызметтерге дейін меңгеруге болады. Бұл мүмкіндікті барлық шымкенттіктер қолдана алады. Бірақ, апатты жағдайға жиі тап болатын мамандық иелеріне басымдық берілмек. Тіпті, арнайы оқытудан өту керек деген талап қоямыз дейді мегаполис басшысы.


Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Қаламызда көп төтенше жағдай болады. Мына төтенше жағдай қызметкерлері мен полиция қызметкерлері де осы жерден әлбетте талап міндет ретінде осы жерден оқытудан өткізуге талап қоямыз».

Қазақстанда теңдесі жоқ орталықта 100-ден аса муляж бар. Дәрігерлердің айтуынша, заман талабына сай автоматтандырылған құрылғылардың қыр-сырын үйрету арқылы өлім-жітім санын едәуір азайтуға болады.

Гүлнар Құрманбекова, Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері:
«Бұл муляждар не береді бізге, осы муляждармен күнделікті жұмыс жасап, қолдарын үйретіп шынымен науқас адамға барғанда қорықпай осыны іске асырады. Бұл муляждар автоматтандырылған болғаннан кейін олардың қаншалықты дұрыс жасап жатқанын анықтап, медицина қызметкеріне ақпар беріп отырады».

Айта кетейік, орталықта оқыту жұмыстарын жүргізетін мамандар ағымдағы жылдың 12 мамыр мен 5 маусым аралығында Америкадағы кардиологиялық қауымдастығындағы білікті мамандармен тәжірибе алмасқан.

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева