Кентауда биыл 29 көше орташа жөндеуден өтеді

119

Кентаудың негізгі Яссауи көшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.Жол жөндеу Көше жолдарындағы шұңқырларды жамау шаһар аумағындағы С. Сейфуллин, Д. Қонаев, Төлеби, Құрманғазы көшелері мен Ынтымақ алаңында жоспарлануда. Ағымдағы жөндеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында ұзындығы 34,6 шақырымды құрайтын 19 көшеде жүзеге асады. Бұдан бөлек қалада, биылға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу де көзделген.
Талғат Қасымбеков, Кентау қалалық ТҮКШ, жол көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: «Биылғы жоспар бойынша 29 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарда бар. Мердігерлерден сапасына көңіл бөлуді талап етеміз тұрғындармен бірігіп, олардың 5 жылдық кепілдік мерзімі бар».

Алдағы уақытта ауыз су мен табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілген орындар да қалпына келтіріледі. Кентау қаласында сонымен қатар,  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында, жолда жүру ережесін сақтау мақсатында автоматты режимде жұмыс істейтін бейнебақылау камералары орнатылған.
Сержан Нарбек, Кентау қаласы әкімдігінің ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету, мониторинг бөлімі басшысы: «Сергек»- 20 жерге 42 данасы орнатылды. Қала аумағында көліктердің жылдамдығын  асырмауда таптырмайтын жабдық».

Аймақта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мысалы, Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеуге жалпы ЖСҚ -96 млн. теңгені құраса, республикалық бюджеттен 87,2 млн. теңгесі қаралған. Қазір мердігер мекеме анықталып, техникалық қадағалушы мекемемен келісімшартқа тұру жұмыстары жүргізілуде.

Субвенция есебінен қаланың жолдарын жөндеуге 7 көшеге 259 млн. теңге қаралған. Жамбыл, Құралбаев көшелерін орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Д. Қонаев көшесін Түркістандағы Халықаралық әуежайға баратын айналма жолға қосу бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Нысанның жобалау -сметалық құны 2 млрд 92 млн теңге. Сонымен қатар аймақта бағдаршамдар орнату жұмыстары да жалғасады.

Шынар Оразова