Тәртіп сақшыларына елдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда үлкен міндеттер жүктеледі. Олардың барлық жұмысы елімізде құқықтық қылмыстарды болдырмау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталады.
Азаматтардың қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етіліп, халықтың тыныштығы сақталуы үшін тәртіп сақшылары күндіз-түні жүйелі жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар жол қозғалысы ережесін бұзу, жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында рейдтік шараларды жиі ұйымдастырады. Осындай шара кезінде Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан көшелерінің бірінде «ВАЗ-21099» маркалы автокөлік жүргізушісін мас халде жүргенін анықтады. Оның құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің масаң күйіне күдіктеніп, медициналық куәландыру тағайындады.
Сараптамаға сәйкес жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Полицейлер аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеп, аудандық сотқа жолдады. Мақтааралдық сотының шешіміне сәйкес, жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.