Úı ANONS 4 мас жүргізуші құрыққа ілікті

4 мас жүргізуші құрыққа ілікті

фото ТОПД
Түркістан облысы Полиция департаментінің батальон қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірдің барлық аудандарына профилактикалық рейдке шығады. Осындай кезекті патрульдеу барысында полицейлер Сарыағаш ауданында мас халде көлік басқарған 4 жүргізушіні анықтады.
Бір түнде анықталған аталмыш құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілер медициналық куәландырудан өткізіліп, алкогольдік масаң күйде екендіктері расталды. Барлық деректер бойынша заң талаптарына сәйкес әкімшілік шара қолданылды. Көлік құралдары арнайы айыптұраққа қойылды.