Шымкентте «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті

208

Шымкентте қала күні қарсаңында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты қазақ ұлттық өнері мен тұрмыстық-бұйымдарын дәріптейтін фестиваль өтті. Шараның басты мақсаты өсскелең ұрпаққа ұлттық киімдерді дәріптеу және оны қолданысқа енгізуге ықпал ету. Көрмеде 30-дан аса Алматы мен қаламыздың қолөнер шеберлері өз туындыларын таныстырды.

Шымкентте «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты фестиваль өтті. Шара қазақтың ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттарын келешек ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған. Көрмеге өз туындыларын әкелген шеберлердің арасында 73 жастағы Бибажар Симова да бар. Ұлттық нақышта өрнектелген кілем, басқұр сынды заттарды тоқумен айналысатын ол, «қазақтың әрбір ою-өрнегі өз алдына бір әлем» дейді.

Бибажар Симова, қолөнер шебері: «Қазіргі жастар көруге қолдануға арналған кішкентай сумкаларды алып келдім. Ол кішігірім сотка, тиын-тебендерін салып жүруге арналған. Одан бөлек түрлі қоржындарым да бар. Сандық та алып келдім. Оны қазақта қаржын дейді. Көшіп қонғанда алып жүруге ыңғайлы. Басқұр, кілем түрлерін бұрын киіз үйді сәндесе, енді кабинеттерді сәндеуге керек».

Көрмеде ұйымдастырушылар, қазақтың байырғы тұрмыс тіршілігінен сыр шертетін құрақ көрпе, ер-тұрман әбзелдері, оюмен көмкерілген бүрмелі көйлек пен шапанның түр-түрін халық назарына ұсынды. Ұштасқан ұлттық нақыш пен заманауи модернді жақсы көретін 18 жасар Ұлбосын Алиева қолөнер туындыларын тамашалауға келіпті.

Ұлбосын Алиева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен өзім өнер колледжінде оқимын, қазақы нақыштағы заттар қатты ұнайды».

Республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл фестивальге 30-ға тарта қолөнер шебері мен дизайнерлер қатысты. Ал мұндағы басты ерекшелік, сіз бұл жерде ұлттық нақышта безендірілген әшекейлер мен киімдерді тамашалап қана қоймай, өзіңізге ұнаған затты сатып ала аласыз.

Гаухар Төлепова, «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің төрайымы: «Осы қала күні қарсаңында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты фестивалын ұйымдастырдық. «Ынтымақ» этносаралық орталығы қала тұрғындарына сыйлық жасағымыз келді. Бұл фестивальдің негізгі мақсаты ұлттық киімді жас ұрпаққа дәріптеу, қолданысқа енгізу».

Фестивальге ОҚПУ-нің шеберлері «Ақбаян», «Ұлы дала», «Қазсақ» коллекциаларын ұсынды. Сонымен қатар арнайы Алматыдан келген «Жандэви» сән үйі де ұлттық киімнің аясын кеңейтуға атсалысты. Шара барысында белсене қатысқан қолөнершілерге сертификаттар табысталды.

Әсел Мәлік