Úı ANONS Ұлттық киім — ұлт айнасы

Ұлттық киім — ұлт айнасы

Наурызнама мерекесі аясында көрме орталығында ерекше шара ұйымдастырылды. Бұл күн ұлттық киім күніне арналып, сахна төрінде әсем сән көрсетілімі өтті. Көктемнің шуақты күнінде жиналған көрермендер қазақтың бай мұрасын паш еткен көрініске куә болды. Сонымен қатар, қазақи ұлттық нақышпен көмкерілген киімдерді сатып алуға мүмкіндік алды. Толығырақ сән көрсетіліміне қатысып қайтқан тілші бейнематериалында.

Ұлттық киім күніне орай, арнайы 11 дизейнер сәні мен салтанаты жарасқан шапандар мен қамзол көйлектер, қала берді орамал мен бас киімдерін ала келген. Қала тұрғындары отандық сән әлемі мамандарының төл туындыларымен таныс болды.

«Дизайнерлік сала бала кезімнен арманым болған. Соны жалғастырып өсіп келе жатырмыз. Бізде киімдеріміз таза бархат матасынан тігіледі. Бархат матасын қазақтың текті бай әйелдер киген. Біздің ерекшелігіміз қол жұмыстарынан, таза маталардан, таза тастардан тігіледі».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа қазақтың салт-дәстүрін насихаттау болды. Сонымен қатар, қазақи нақыштағы киімдермен ересектерден бөлек, балаларда таныс болмақ.

БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық киімдер күні. Биылғы жылды білесіздер, Президентіміз жалпы цифрлы Қазақстан деп жариялаған болатын.  Соның аясында  дижитал қазақстан, дижитал наурыз жобасы аясында ұлттық киімдер күнін тойлағалы отырмыз. Балаларға арналған 6 брендтің киімдері шығады. Яғни, жасөспірімдер мен балалар арасында насихаттап, сатылым жүйесін қарастырамыз. Жалпы өздеріңіз келгенде, арнайы сахна қойылды».

Көрмеге келген тұрғындар мен қонақтар қазақы киімдердің әсемдігі мен заманауи үлгіде жаңғыртылғанына жоғары баға беріп, көрсетілімдегі киімдер көңілімізден шықты деп отыр. Олардың айтуынша, ұлттық киімдер тек мерекелік емес, күнделікті өмірде де киюге лайықталып, жаңа форматта ұсынылған.

«Маған өте қатты ұнады. Қыздардыңда киімдері керемет. Бүгінгі сән көрсетілмі жақсы өтіп жатыр».

«Керемет, жігіттердікі де, қыздардікі де. Заманауи. Сыртта киіп жүре бертін киімдер. Қазақи нақышта. Өте әдемі екен».

«Мен ұлттық киімдерді жақсы көремін. Ауылда нымшамен жүремін, өзім Кентаудан келгенмін».

НҰРГҮЛ ЖОЛЫМБЕТОВА