Úı ANONS Ұлттық киім дәріптелген сән көрсетілімі

Ұлттық киім дәріптелген сән көрсетілімі

Шымкентте ұлттық стиль мен заманауи бағытты ұштастырған ерекше сән көрсетілімі өтті. MOIRE Fashion Day алаңында отандық және шетелдік дизайнерлер өз топтамаларын ұсынды. Сән мен сапа үйлесім тапқан іс-шарада ұлттық үлгідегі дүниелерге бас назар аударылды. 

 

Стильді бешпет, заманауи шапан, бүрмелі көйлек. MOIRE Fashion Day ұлттық киім үлгісін жаңа қырынан танытқан ерекше көрсетілім ұйымдастырды. Іс- шараға Қазақстанның бірнеше қаласынан және шетелден келген дизайнерлер қатысты. Солардың бірі – Қырғызстаннан арнайы жеткен BAIRA бренді.

МЭЭРИМ ЖАНЫБАЙҚЫЗЫ, BAIRA ФЛАГМАНДЫҚ ДҮКЕНІНІҢ ӘКІМШІСІ: «Көпшілігі дүкенді интернет арқылы біледі. Бүгін біз Парижде және Сеулде көрсетілген соңғы топтамадағы 15 киімімізді алып келдік. Оның 8-і қыздарға, 7-еуі ұлдарға арналған. Біздің сән үйінің ерекшелігі ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіреміз. Көбіне адам өңін ашып тұратын ашық, қызғыш түсті маталарды қолдануға тырысамыз”

Подиумда этностиль түрлі маталар мен заманауи пішім арқылы жаңа қырынан көрінді. Келушілер ұсынылған топтамаларға жоғары баға беріп, ерекше әсер алғандарын жасырмады.

“Қазақ стилді киімдер ұнап жатыр. Бәрінің өз сәні бар”.
“Маған бұл сән көрсетілімі қатты ұнап жатыр. Маған Айда Кауменованың киімдері ұнап жатыр. Әсерім керемет. Сөзбен айтып жеткізуге болмайды”

“Бүгінгі көрсетілімде ұнаған киімдер өте көп. Әсіресе Айда Кауменова мен Байраның киімдері ерекше ұнады”

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба ұлттық киімді заманға сай үлгіде жаңғыртып, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдануды насихаттауға бағытталған.

АЯУЛЫМ ӘБДІҚӘДІРОВА, “MOIRE FASHION DAY” НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: «“Бұл Моар Фейшн дейдің» жасалып жатқан басты себебі өзіміздің жасалып жатқан ол өзіміздің тарихымызды сән арқылы көрсету. Таныта білу. Сондықтан бүгін Қызғызстаннан, Қазақстанның 5 қаласынан келіп отыр. Бұған дейін көп көрсетілім жасағанмын. Ал номад стилінде бұл бірінші рет өтіп жатыр”

Сән көрсетіліміне 12 дизайнер қатысып, өз туындыларын ұсынды. Іс-шараны тамашалауға 300-ге жуық көрермен жиналды.

Әсел Мәлік