Тыл ардагері маңызды шарадан тыс қалмайды

50

М.Әуезов атындағы ОҚУ орналасқан №101 учаскесінде 1344 адам тіркелген. Қазір 49 -шы адам келіп, дауыс беріп жатыр. Ешқандай күрделіліктер жоқ. Бақылаушылар арасында «Бәйтерек» жастар бірлестігі, «Ел дауысы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері бақылап отыр.

М.Әуезов атындағы ОҚУ ғимаратында Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс беруге келгендер арасында жастардан бастап,  қарияларға дейін бар. Алдымен 19 жастағы 2 курс студенті Темірхан Әбжан дауыс берді.  Тыл ардагері, ұлағатты ұстаз Жамал Жаманкөзова «еліміз үшін аса маңызды шарадан қалыс қалмаймын деп ертерек келдім» дейді.

Шынар Оразова