Ақсукенттегі «Светофор» супермаркетінде өрт оқиғасы орын алды

68

Ағымдағы жылдың 17 шілде күні 13 сағат 38 минут шамасында Сайрам аудандық №6 Өрт сөндіру бөліміне Ақсукент ауылындағы Астана даңғылы №195 мекен-жайда «Сфетафор» супермаркетінің өрт алу жағдайы туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының басшы құрамы және қызметкерлері барып, келесі жағдайды анықтады: Ақсукент ауылы, Астана даңғылы №195 мекенжайда орналасқан жеке кәсіпкер «Satti» Омаров Алмасбек Хамидовичке қарасты ғимараттың шатыры жанып жатқаны анықталды.
Жеке кәсіпкер «Satti» Омаров Алмасбек Хамидовичке қарасты ғимаратты «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і жалға алып отырғаны анықталды.
Ғимараттың жалпы көлемі 20х50 ш.м (1000 ш.м.). Өртенген жердің жалпы көлемі шамамен 17х25 ш.м (425 ш.м.) құрады. Оқиға орнында 8 дана АЦ (өрт сөндіру автокөліктері) және 37 жеке құрам жұмыс жасады. Өрт сөндіру бөлімінен 2 адам, басшы құрамы және 1 техника, төтенше жағдайлар басқармасынан 6 адам және 1 техника жұмылдырылды.
Аудандық прокуратурасының басшы құрамы, аудандық полиция басқармасынан 20 адам және 4 техника болды. Жергілікті атқарушы органдардан 5 адам 2 техника және 2 су тасымалдаушы көлігі шықты. Өрттің беті 14 сағат 31 минутта қайтарылды.
Өрт оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Өрттен келген материалдық шығын мен өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт оқиғасы аудан әкімдігі, жергілікті құзырлы және құқық қорғау органдарының бақылауына алынды.
QAINAR KÓZСайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі