Әскери гарнизондарда 825 млн. теңгені жымқыру дерегі анықталды

61

Еліміздің әскери гарнизондарында 825 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды.

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған бөлімдерінде заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау бойынша соталды тергеу басталды. 8 қылмыстық іс қозғалып отыр.

Бұны бас әскери прокуратура хабарлады. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізеді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты әзірге жарияланған жоқ.

Шынар Оразова