Дәрігерлер терезеден құлап кеткен бір жасар баланың жағдайын айтып берді

64

Шымкентте 1 жасар сәби терезеден құлап кетті. Абырой болғанда нәресте аман қалды. Бірақ үшінші қабат терезесінен құлаған бала ауыр жарақат алған. Науқас қазір қалалық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде ем қабыдап жатыр. Жағдайы орташа-ауыр.

Тұран шағынауданындағы дәл осы тұрғын үйдің үшінші қабат терезесінен бір жастағы бала құлап кетті. Оқыс оқиға 16 шілде күні орын алған. Жауаптылардың сөзінше, нәресте үлкендердің қарауынсыз қалған. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем қызметкерлері шақырылып, сәби қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Таңсық Абдуллаев, дәрігер-нейрохирург «Науқас 1 жас 4 айлық 16,07 12:20-да Жарақат бекетіне шұғыл түрде келіп түсті. Анасының айтуы бойынша бала 3 этаждан басымен құлап түскен. Жарақат бекетінде хирург травматолг, реаниматолог мамандарына қаралып, жағдайының ауырлығына байланысты реанимация бөлімшесіне жатқызылады. Реанимация бөлімінде керекті тексерістен өткізілді. Науқасқа жалық басми жарақаты, бас миының шайқалуы, іш қуысының беткей жатақаты диагнозы қойылып, науқасқа протокол бойынша емі тағайындалды».

Дәрігерлер сәбидің жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Ал оқиға орын алған үйге барған түсірілім тобы баланың ата-анасын таба алмады. Бірақ көршілері бұл отбасыға оң көзқараста екен.

«Меніңше, 6-7 баласы бар, отбасы жақсы, балалары үнемі таза, тоқ»,-дейді көршілері.

Төтеншеліктердің айтуынша, терезеде москит торы болмаған. Бірақ бұл баланы құтқара алмайды. Керісінше бұл тордан балалар құлап кетеді дейді. Сарапшылар терезелерге бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы ысырмаларды орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ терезе жолақтарын кірістіру арқылы да қорғануға болатынын айтты.

Дулат Түгелбаев, Шымкент қаласы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері: «Құрметті ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Балалар ашық терезенің табалдырығына, көтеріле алатын терезелердің жанына жиһаз немесе басқа заттарды қоймаңыздар».

Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері үш бала терезеден құлап, жарақат алған. Сондықтан төтеншеліктер ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.

                                                                                         Мөлдір Ибадуллаева