Қазақстанда көтерме саудамен айналысатындардың жартысына жуығы шетелдіктер. Мамыр айындағы мәліметке қарағанда олардың үлесі 42 пайыздан асады.
Мәселен, биыл қаңтар мен мамыр аралығында елде жалпы сомасы 11,8 триллион теңгеге көтерме сауда жасалса, соның 5 триллионнан астамын шетелдік компаниялар жүзеге асырған. Курсив.кз мәліметіне қарағанда кейінгі бес жылда елдің көтерме нарығында шетелдік компания қаптап барады.
Мәселен, 2015 жылы олардың үлесі небәрі 7 процент болатын. 2016 жылы 18 пайызға жетті. 2020-да 34, ал биыл 42-ден асты. Өңірлер бойынша алсақ, Атырауда көтерме сауданың 94 проценті өзге елдің компаниялары жүзеге асырады. Алматыда 44 процент. Жоғарыда айтқан 5 триллион теңгенің 4,3 триллионы осы облыста игерілген.
Шынар Оразова