Үстіміздегі жыл Нұрбанк үшін мерекелі жыл: 3-тамызда 30 жыл толады. Ол дегеніміз кейбір ісімізге қорытынды жасауға маңызды кез. Банк үшін ең басты құндылық ол клиент, ал жетістігіміздің ең биік шыны – оның сенімі. Сондықтан да, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген тұрақты клиенттеріміздің қолдауымен банктік қызметтер нарығындағы 30 жыл — тұрақты әрі сенімді әріптес ретіндегі Нұрбанктің абыройын биікке көтерген нақты көрсеткіш. Банкке сеніп қана қоймай, банкпен бірге бизнес жүргізуге, оны дамытуға және көп жылдар бойы банкпен бірге болып, қандайда қиындықтарды бастан өткеруге дайын екендігінің нышаны.
Сондықтан да біз банкпен бірге өскен, біздің басты кейіпкерлеріміз – клиенттеріміз туралы сөз етпекшіміз. Олардың сенімді әріптесі болу біз үшін үлкен абырой мен мақтаныш. Біз 20 жылдан астам уақыт бірге жұмыс істеп келе жатқан ондай клиенттеріміздің бірі — «Қамқор» ЖШС.
«Қамқор» ЖШС директоры Тарғын Әбдешұлы Ахыновты Нұрбанкпен бірге қиын-қыстау кезеңдерді жеңіп шыққан ең үздік бизнесмендердің бірі деп мақтанышпен айта аламыз. Бізге берген сұхбатында ол банкпен ынтымақтасып, жүргізген бизнесінің орныққаны, дамығаны туралы әңгіме етті.
— Бизнестегі жолыңыз неден басталды?
— Барлығы 1995 жылдан басталды – деп есіне түсіре бастады Тарғын Әбдешұлы, — жауапкершілігі шектеулі серіктестігін сол кезден аштым. Мен алғашында автомобильдерге арналған аккумуляторлы батареялар (АКБ) мен оларға арналған қорғасын тілімшелерін өндірдім. Біз батареяларды Талдықорған мен Түмен зауыттарынан сатып алдық та қалған бөлшектерін өзіміз жасадық. Қиындықтарға қарамастан біз жоғары сапалы АКБ шығара алдық.
Одан кейін біз консервінің қақпағын шығаратын ұсталған жабдықты сатып алдық та оны жөндеп, консерві қақпақтарын шығара бастадық. Осы арада Ресей шығаратын ыдысқа сұраныс бар екенін айқындап, ресейдің барлық зауыттарымен 3 облысымыз – Қызылорда, Жамбыл мен Оңтүстік — Қазақстанға жеткізу туралы дилерлік келісімге отырдық. Бүгінгі таңда ол ыдыстар Қазақстанның, барлық дерлік, базарларында сатылады.
Қол астыңызда қанша адам бар және командаңыз қалай қалыптасты?
Кез келген бизнесте ең бастысы — адамдар. Бізде 35 адамнан тұратын, өте білікті, алғыр ұжым қалыптасты. Біздің кішігірім командамыз өте ынтымақты, ортақ мақсатқа бет алып, өңіріміздегі ірі компанияны құра алдық.
Біздің кәсіпорыннан әлі бірде бір жұмыскер жұмыстан кеткен жоқ. Басым көпшілігі бізбен 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді: қызметкерлеріміз жас маман ретінде жұмысқа орналасып, бізде отбасын құрды, мен оларды тегін үймен қамтамасыз еттім. Ал қазір олар бас басына үй салып алды. Біз жұмыскерлерді қолайлы жағдай жасаймыз және де біз адами ресурстарды бағалай білеміз.
Сіз не үшін Нұрбанкті таңданыңыз? Қай өнімді пайдаландыңыз?
2001 жылы мен Желтоқсан көшесін бойлап бара жатып, Нұрбанктің маңдайшасын көріп қалдым. Ол біздің қалада ашылған жаңа банк еді. Филиалдың алғашқы директоры күні бүгінге дейін есімде. Мен онымен сөйлесіп, шот ашып, 20 миллион теңге көлемінде кредит алу жөнінде шешім қабылдадым. Біз ол кездерде белгілі бір бағыт-бағдарсыз әрекет қылып, нарықтағы жағдайға ден қоя бастадық. Қандай затқа сұраныс көп болса, біз соған ақша құйдық. Иә, қорқыныш та күдік те болды, бірақ ынтамыз, жігеріміз, сеніміміз, батылдығымыз басым түсті. Нұрбанк жұмыскерлері маған бағаланбас қолдау көрсетіп, менің барлық сұрақтарыма тыңғылықты жауап берді.
Алғашқы несиені алған сәттен менің Нұрбанкпен бірге жұмыс істеу тарихім қалай жалғасты дейсіз ғой? Кішкене ақшалай табыс тапқаннан кейін мен құрылыс материалдарын сатуға арналған (1200 ш.м.) сауда үйінің құрылысын бастадым. Оны аяқтау үшін мен екінші мәрте Нұрбанктен несие алдым.
Одан кейін Нұрбанк маған кредит желісін ашты, ол үшін мың да бір рахмет!
Келешектегі жоспарыңыз қандай?
Үстіміздегі жылы біз өзіміздің көтерме сауда алаңымыздың (3000 ш.м.) құрылысын аяқтап, жаңа кеңселер, көрме залдарын салып, көлікпен келіп-кету жолдарын да қолайлы еттік. Өткен жылы үш деңгейде әмбебап базар салу үшін біз жақсы жерден 1 гектар жер сатып алдық. Әкімдік бізден замануи базар салуды өтінуде. Базар құрылысын келесі жылы, көктемде бастаймыз. Нұрбанк несие түрінде өз көмегін ұсынуда, біз оны қабылдауымыз мүмкін.
Сіздің ойыңызша, Нұрбанктің басқа банктерге қарағанда артықшылығы неде?
Филиал директоры Сырым Жұманұлы Адыбаев пен оның орынбасары Әлия Қалмырзаева басшылық ететін Нұрбанктің Шымкент қаласындағы филиалының ұжымымен бауыр басып кеттім. Банктің менеджерлері өте білімді, бірін бірі алмастыра алады, әрі жайдары келеді. Міне, 20 жылдан астам уақыт Нұрбанк менің адал және сенімді әріптесім.
Менің байқағаным, Нұрбанктен кеткен клиенттер, біраз уақыт өткеннен кейін қайтып келіп жатады. Мұнда олар өздерін қадірлі клиент екендерін, оларды бағалайтындарын сезінуде. Оларға көңіл бөлініп, арнайы қызмет көрсету және де дербес сервис ұсыну – Нұрбанктің фишкасы болып табылады. Мұнда сізді жылы шыраймен қарсы алып, сізге түсінікті ақпарат беріледі. Шағын және орта бизнеске сапалы консалтинг қажет, бұл жерде де Нұрбанк ондай қызметті көрсетеді. Клиентке, өз қаржылық мәселелерін дербес шешу үшін көп жағдайларда менеджермен тікелей қарым-қатынас орнату маңызды. Сондықтан да технологиялық сервистер мен қашықтан қызмет көрсету технологиялары қатты дамып кеткенінен қарамастан, көптеген клиенттер әлі де телефонмен құлтемір (робот) арқылы емес кеңседегі менеджерлерден кеңес пен қызмет алғысы келеді.
Ара тұра дағдарысқа және тағы сол сияқтыларға байланысты Қазақстанда бизнес жүргізу өте қиын екені белгілі, сіз қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз? Оларға қалай төтеп бердіңіз? Қазақстандағы шағын және орта бизнеске тұтастай көз қарасыңыз қалай?
Тұрлауы жоқ зымыраған заманда және кенеттен рубльдің тоқтаусыз өсуі, қайта-қайта дағдарысқа ұшырау бизнес жүргізуді қиындатуда. Бизнесті жүргізу жағдайы қазір ауырлай түсуде, сондықтан біз жұмысқа деген көз қарасымызды өзгертудеміз. Шағын және орта бизнес қол жетімді қаржы мен мемлекеттің қолдануына мұқтаж. Әлемдегі жұмыс орнының 70 пайызын шағын және орта бизнес қамтамасыз етеді — ол дегенің мемлекеттің экономикалық әл-ауқатын көрсетеді. Республикамыздағы шағын және орта бизнес кенжелеп қалу себептерінің бірі – қаржыландыру деңгейі төмендігі мен банктік қарыздарға қол жеткізу мүмкіндігінің жоқтығы. Бизнес сәтті болуының негізі – қолайлы шешімдер топтамасы, тиімді қаржылық және банктік емес сервистердің үйлесіміне бизнес мұқтаж болуда.
Ал маған келетін болсақ, түйсігім мықты, әр дағдарыс алдында мен қоймаларды тауарлармен толтырып үлгеріп, (күледі) дағдарыстың салдарларын жоққа шығарамын. Қашанда уақыт талаптарына бейімделіп, төселу керек екені баршаға мәлім.
Сіздің өңірдегі бәсекелестік үрдісі қалай?
Бәсекелестер әрине бар, олардың болуы да тиіс жағдайда, олар базардағы баға тепе-теңдігін ұстауға септігін тигізіп, сұраныстарды толық қанағаттандыруда. Бәсекелес нарықта ескілікті тастап, жаңалық енгізуде, сервис пен қызмет сапасын оңтайландыруда артықшылықты жағдай жасайды. Әр бір бәсекелес бір-бірін мұқият бақылап, баға мен қызметтердің сапасына мониторингі жүргізуде. Өз ісімді бастаған, оны дамыту барысында мен алуан түрлі жағдайларға тап болдым. Егерде Нұрбанк маған уақтылы қол ұшын бермесе, бизнесімді қалаған деңгейге жеткізу қиынға түсер еді. Мен Нұрбанкті маған бәсеке өршіп тұрғанда көтерілуіме, дамуыма көмектескен нағыз әріптесім деп санаймын.
Қазіргі уақытта біз бәсекелестермен жиі араласамыз, ынтымақтастық орнатуға талпынудамыз. Өз бизнесімде мен Орталық Азиядағы ең ірі жеткізуші болғандықтан олар мені тыңдайды. Мен ұстанған қағида – айттың ба — орында. Мен бүгін істелетін шаруаны ешқашанда ертеңге қалдырған емеспін. Бұл қарапайым қағидалар ұзақ жылдар бойы әріптестер мен клиенттермен байланыс жасауға және ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
Сізді шабыттандырған және оны басқалар оқуына кеңес беретін кітап немесе тарихи оқиға?
Мен 7-ші сыныпта оқып жүрген кезімде «Құрыш қалай шынықты» деген автобиографиялық роман оқыдым, онда азаматтық соғыс, халық шаруашылығы мен үй құрылысын қалпына келтіру ісі туралы баяндалған. Бас кейіпкер Павел Корчагиннен мен ең күшті адами қасиеттерді таптым, өз өмірімде де оларды: өз сөзіңе берік болуды, отан сүйгіштікті, ерлік пен рухани тазалықты ұстанып келем.
Жастарымыз оны оқыса пайдалы болар еді деп санаймын. Өйткені ол кітап мені шабыттандырды, өмірімдегі бір талай істерге ынталандырды.
Жетістіктерді қалай бағалайсыз?
Жетістік — біз адамдарға беретін нақты пайда. Сауда орталықтарын салып, адамдарға жағдай жасап, өз еңбегіңнің жанғанын көріп, қуанышты сезімге бөленесің. Адамдарға қажетті сапалы тауар ұсынсаң клиенттердің алғысын алысын алып, бір марқайып қаласың. Біздің бизнесте ең бастысы —клиенттердің ризашылығы. Жетістіктің, адам жұмыстан бөлек қол жеткізетін екінші бөлігі – отбасы, бала-шаға мен хобби. Адам өмірінің барлық салалары өз үйлесімін тапқан кезді нағыз жетістік деп білем.
Сіз ұнататын нақыл сөздер?
«Домалақ тас мүк жинамайды»
Анықтама (ендірме): «Қамқор» ЖШС 1995 жылдың 13-қыркүйегінде құрылды. Компанияның өндірістік беделі жоғары, кадр құрамында білікті, тұрақты мамандар.
Бүгінгі таңда «Қамқор» ЖШС «ТОРГОВЫЙ ДОМ «СКОВО» ЖШҚ, Стальэмаль ЖШҚ, «КУКМОРСКИЙ ЗАВОД МЕТАЛЛОПОСУДЫ» ААҚ ыдыс шығаратын зауыттардың бірінші дистрибьюторы болып табылады. «Қамқор» ЖШС Нұрбанкпен жұмыс істеуі 2001 жылдан, Нұрбанктің филиалы Шымкент қаласында ашылған күннен бастау алады. Өз ісін «Қамқор» ЖШС Нұрбанктен айналымдық қаражатын толықтыру мақсатындағы несие алған бастады. Жыл өткен сайын компанияның айналымдық қаражаты өсуде, бүгінгі таңда «Қамқор» ЖШС филиалдың ең ірі клиенттерінің бірі болып табылады.
Компания құрылғаннан бері Қазақстанда нысан салу бойынша құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарымен айналысып келеді.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігі 2020 жылдың 03-ақпанында берген лицензияның № 1.2.15/193