Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Шаховское ауылында бруцеллезге байланысты карантин енгізілді.
Елдімекендегі 17 ірі қарадан қауіпті індет шыққан. Олардың барлығы қосалқы үй шаруашылығына тиесілі малдар. Ауру кезекті ветеринарлық тексеріс кезінде анықталды. Карантин уақытында ауылдан төрт түлікті шығаруға тыйым салынған.
Сондай-ақ, залалсыздандырылмаған сүтті сатуға, тұтынуға болмайды. Сынамалар 15-20 күн сайын алынып отырады. Екі рет қатарынан теріс нәтиже болғанда ғана карантин алынады. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 457 мыңнан астам мал бруцеллезге тексерілген. Оның 140-ынан індет шыққан. Бұл өткен жылмен салыстырған 55 пайызға аз.
Шынар Оразова