Елде электр энергиясы тарифының құны алдағы уақытта тағы көтеріледі. Бірақ қанша пайызға екені әзірге нақты белгісіз. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтың болжамынша баға инфляция деңгейінен жоғары болмауы тиіс. Яғни 8 пайыздан аспайды.
«Тариф құнының қымбаттауына қазіргі бекітілген бағаның саладағы шығындарды толық жаппауы себеп», — деді вице министр. Салдарынан электр желілері жиі істен шығып, тұтынушыларды қуатпен қамту сапасы төмендеп кеткен.
«Біздегі тарифтердің көлемі сапалы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Мысалы ауыл аймақтарды алайықшы. Көптеген станциялардың тозығы жеткен. Қолданыстағыларының кейбірі өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған деп түсіндірді Жандос Нұрмағанбетов.
Шынар Оразова