Úı ANONS Енді қазақстандықтар Андорраға визасыз бара алады

Енді қазақстандықтар Андорраға визасыз бара алады

Андорра Қазақстанмен туризм саласын дамытуға мүдделі. Енді екі ел арасына қатынау үшін визаның қажеті жоқ.

Үкімет басшысының орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Андорра Сыртқы істер министрі Мария Убахпен кездесіп, визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, кездесу барысында екі ел арасындағы туризмнің моделін қалыптастыру тетіктері талқыланды.

Мария Убах, Андорраның Сыртқы істер министрі: «Қазақстандағы Шымбұлақ тау кешені Андорранікіне қатты ұқсайды. Оны мен күні кеше Алматыға жасаған сапарымда байқадым. Алдағы уақытта тәжірибе алмасамыз деп сенемін».

Мөлдір Ибадуллаева