Әлеуметтік маңызды 19 азық-түліктің басым бөлігі қымбаттады

38

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары, оның ішінде 19 тауар түрі бір аптада 0,2%, ай басынан бері 0,4%а және бір жылда 18,1% қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Ірі қалалар арасында ең жоғары жылдық баға өсімі Ақтау, Жезқазған және Орал қалаларында байқалды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының ең аз, бірақ әлі де елеулі жылдық өсімі Қостанайда, Петропавлда және Қарағандыда тіркелді.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінде былтырдане бері ең көп қымбаттағаны қант: бірден 92,7% шарықтады. Сондай-ақ пияз 55,5%, тауық етінің бағасы өсті.Сонымен қатар нан өнімдері мен жарма, май мен оң май және кондитерлік өнімдер де қымбаттады.