«Автонұр» базары жаппай эвакуацияланды: Неге?

52

Шымкент қаласында «Автонұр» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Өрт сөндірушілер адамдар көп жиналатын нысандарда өрт сөндіру дағдыларын жаттықтырды.

Базардағы имитацияланған өрт 2 қабатты киім дүкенінің бутиктерінің бірінде болды. 12 бірлік техника мен 58 адам жұмылдырылды. Оқу-жаттығулар барысында базарлардағы өрттерді сөндірудің әдіс-тәсілдері пысықталып, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ басшы құрамының дағдылары пысықталды. Тренинг соңында қатысушылардың әрекетіне баға берілді.