Халықаралық қарттар күні: Шымкентте ардагерлерге құрмет көрсетілді

37

Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Шымкент қаласының әкімі шаһардың дамуына елеулі үлес қосқан бірнеше ардагердің үйіне барып, арнайы құттықтады. Оларға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.

Алғашқы құттықтауды еңбек ардагері Ахметова Райса Райымбекқызының шаңырағынан бастады. Ол Шымкент қалалық комсомол комитетінің хатшысынан Оңтүстік Қазақстан облысы халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметіне дейін атқарған.

Одан кейін «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері Гулужиган Байгаринаның үйіне барып құрмет көрсетті. Қала басшысы ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасына бақ пен береке тілеп, арнайы сыйлықтарын тапсырды.