Қайнарбұлақта «Imperium Medical» медициналық орталығы ашылды

Шымкенттің ең ірі тұрғын алаптарының бірі саналатын Қайнарбұлақта, тұрғындар көптен күткен медициналық орталық ашылды. Жаңа мекеме 3500 тұрғынға дейін қабылдай алады. Онда тұрғын алап халқына жалпы тәжірибе дәрігері, балалар және ерекесектер невропатологі, кардиолог, ультра дыбыстық зерттеу мамандары қызмет көресетеді. Ал келер жылы 30 000 адамға арналған үлкен ғимарат жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр.

Қайнарбұлақ тұрғыналабында жергілікті халық көптен күткен медицина орталығы ашылды. 3500 адамға дейін қызмет көрсете алатын медорталық заманауи медициналық техникалармен жабдықталған. Бұған дейін тіпті ине салдыру мәселе болып келген аймақ халқының қуанышында шек жоқ! Енді бұл мекемеде тұрғындар қан талдауын жасатып, ультра дыбыстық зерттеуден өте алады.

Нұргүл Ақшабаева, «Imperium Medical” медициналық орталығының бас дәрігері:
«Күндізгі стационар – бұл жерде біздің ашылуымызға дейін күрделі проблема болған. Тіпті укол салатын жері болмаған. Тұрғындарға таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін ем-шаралар осында жүргізіледі. УЗИ мамандары отырады. Дәл қазір тіркелу науқаны басталды. Қазір науқан жүріп жатыр, барлық осы елдімекендегі халықты біздің емханаға келіп тіркелуге шақырамыз!»

6 баланың анасы Седепкүл Байзақова Қайнарбұлақта 50 жылдан бері тұрып келеді. Бұған дейін тіпті қан тапсыру үшін алысқа шапқылайтын едік деген көпбалалы ана медицина мекемесінің ашылғанына ерекше қуанғанын жасырмады. Себебі, жаның ауырғанда ұзақ жол жүрудің өзі қиынға түседі дейді ол.

Седепкүл Байзақова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Бұрын біз мысалы үшін ауылдан анализді дачаға өткіземіз, дачадан Қайтпас-1-ге барамыз. Сөйтіп сол жаққа барып көрінетінбіз. 3-4 пересадка жасайтынбыз. Қазір елімізге келіп, қуанып отырған жайымыз бар. Не айтырымды білмей, толқып тұрмын, ауылымызда осындай жақслыық болып жатқанына! Енді осында көрінеміз. Ауылдың бәрі қуанып жатқан жаайы бар!»

«Imperium Medical” орталығында тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін тексеріле алады. Мұнда науқастарды гинеколог, невропатолог, кардиолог мамандары қабылдап, күндізгі стационар, УДЗ, электрокардиограмма қызметтерін ұсынады.

Айта кетейік, 2023 жылы тұрғын алапта айтулы орталықтың 30 мың адамға арналған жаңа ғимараты ашылады. Бүгінде медицина мекемесінің құрылысы басталып та кеткен.

Лиц: № 0000450DX 02.12.2020 ж. Шымкент қ. ДСБ берілді.

Мекен жайы: Қайнарбұлақ тұрғын алабы 910 б

Байланыс нөмірі: +7 701 014 3444

Instagram: @imperium_medical_shymkent