«Med voyage» медорталығы мейірімге толы іс шара өткізді

398
Зарина Бадритдинова, медициналық орталықтың директоры
Зарина Бадритдинова, медициналық орталықтың директоры

Бар жақсымыз – балаларға! Осындай қағиданы ұстанған «Med voyage» медициналық орталығының өкілдері Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тамаша мереке ұйымдастырды. Ересектер балғындарға азық-түлік, сый-сияпат әкеліп, мерекелік бағдарлама ұйымдастарды.

Бәрі де балалар үшін… Мерекелік дастархан, көңілді ән мен би балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін үлкен сый болды. «Med voyage» медициналық мекемесінің өкілдері балаларға құр қол келген жоқ. Кішкентайларға ең қажетті дүниелер: дәптерлер мен қаламсаптар, түрлі түсті қалам, денсаулыққа қажетті дәрумендер… бәрі бар.

Балаларға қуанышты сәт сыйлаған медвояждықтар тәрбиеленушілерге түрлі ойындар ұйымдастырып, қызыққа кенелтті. Медицина орталығының қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін толығымен тексеруден өткізбекші.

Биыл ғана ашылған «Med voyage» медицина орталығы алдағы уақытта да балалар үшін бар жақсыны аямауға әзір.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dAaQ2SRZ4Ls[/youtube]