Шымкентте «MEDvoyage» медицина орталығы ашылды

429
Шымкенттегі "MEDvoyage" медицина орталығы

 

Шымкенттегі «MEDvoyage» медицина орталығы

Қаламызда «MEDvoyage»  медицина орталығы ашылды. Ашылу салтанатына денсаулықты бірінші орынға қоятынтындар жиналды. Сапасын бағалауды бірінші болып Мира Мүтәліпова бастады. Науқас нақты диагноз бен емдеу жолдарын осы медицина орталығы ғана дұрыс көрсеткенін айтады.

Мира Мүтәліпова: » Мұнда дұрыс емделу үшін бар жағдай жасалған. Талабқа сай. Дәрігерлері де өз жұмысына адал. Науқастармен әдепті, сыпайы сөйлесе біледі. Алдағы күндері мен тек осы медицина орталығында емделетін боламын. Маған қатты ұнады. Бірінші рет келіп тұрсам да, дәрігерлердің біліміне тәнті болдым. Емделудің жолын толық айтып, жолын көрсетті. Ризамын».

«MEDvoyage» медицина орталығы өзінің клиенттеріне түрлі тиімді қызметтерін ұсынады. Еуропалық жаңа жабдықтармен науқасты қарау – емнің жоғары сапада жүзеге асуына кепіл болады. Шет елдік жоғарғы сапа, тиімді бағамен! Білікті және білімді дәрігерлер – олардың ішінде гинеколог, терапевт, маммолог және гинетик науқастарға кез келген уақытта көмектесуге дайын.

Карина Пулатова, узи дәрігері: «Біз науқастарды жоғарғы дәрежеде емдеуімізге мүмкіндік мол.  «MEDvoyage» медицина орталығы науқастардың денсаулығы үшін күреседі. Сонымен қатар, біз науқастардың дұрыс ем қабылдауы үшін бар күшімізді саламыз. Ашылғанымызға көп болмаса да, бүгінге дейін бізге көптеген ем қабылдаған науқастар келіп алғысын жаудыруда. Біз үшін бұл алғыссөздері үлкен қуаныш! Ауруды жеңу – дәрігер мен науқас үшін үлкен жеңіс».

 Орталық басшылығы қоғам назарындағы балаларды да айналып өтпеді. Балалар үйінің және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қолынан келген көмегін аямақ емес.

Зарина Бадретдинова, «MEDvoyage» медицина орталығының директоры:» Біз мұқтаж балаларға тексеру жүргізіп, бізде бар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеміз. Мәселен, аскарбинка дәрумендері, аспирин… Тағысын-тағылар. «MEDvoyage» балалардың денсаулығы жақсы болғанын қалайды. Сондықтан қолымыздан келген көмекті көрсетуіміз қажет деп есептеймін. Бұл балалардың жүзінен қуаныш көру үшін мен ең алдымен денсаулықтарына мән беруді жөн көрдім. «Бірінші байлық – денсаулық» демекші, мен олардың дендері сау болғанын қалаймын».

Айта өтейік, дәріге мұқтаж науқастар енді алысқа барып дәріге тапсырыс бермейді. Медвояж медицина орталығы эстемпоралды дәрілік әдіс арқылы дайындайтын арнайы дәріхана да ашқан. Орталық басшылығы, науқастардың дұрыс ем қабылдауына бар жағдайды қарастырған, ендеше «MEDvoyage»-дың есігі айқара ашық.