2022 жылғы 11 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізу барысында қару айналымы мәселелері бойынша толықтырулар енгізді. Негізгі өзгерістер келесідей:
— оқсыз атылатын қаруды әкелуге және айналымына рұқсат беру тәртібі, сондай-ақ, осы талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Әкелу тек мәдени білім беру және коллекциялық ұйымдарында пайдалану үшін ІІО-ның рұқсатымен жүзеге асырылады;
— тегіс ұңғылы аңшылық қаруға рұқсат алудың шекті жас мөлшері 18 жастан 21 жасқа дейін ұлғайтылады.
— қаруға рұқсат алу үшін медициналық куәландырудан өту тәртібі
зорлық-зомбылыққа және құмар ойындарға бейімділіктің болуына міндетті түрде психологиялық тестілеуден өтуімен күшейтіледі. 5 жыл аралықпен
психонаркологиялық міндетті психологиялық тестілеу арқылы медициналық тексеруден өтуі күтілуде.
— денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу, қаруды қайтадан жоғалту, заңсыз митингілерге қатысу, төтенше жағдайды, құқықтық режимді бұзу, төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер, азаматтығы тоқтатылған кезде, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылғанда, сондай-ақ қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда рұқсаттардың қолданысын тоқтату енгізіледі;
— заңды тұлғаларға қаруды атуға жарамсыз күйде сақтау міндеттемесі енгізіледі;
Заң 2022 жылдың 11 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.