Шымкентте жыл басынан бері 4 мыңнан аса сәби дүниеге келді

80

Биыл Шымкент қалалық перинаталдық орталығында 4560 сәби дүниеге келді. Соның ішінде 500-ге жуық нәресте реанимация бөлімінің көмегіне жүгінді.

Ал, 5 сәби асфиксиямен туған. Ауыр асфекциясен туған 4 сәбиге механикалық гипотермия әдісімен қадағалап, ем-дом жасалған. Ал заманауи медицина жабдығы перинаталдық орталыққа берілгеннен кейін дүниеге келген 1 бала еш қиындықсыз емделіп шыққан.

Шымкент «Басқарылатын гипотермия» жобасы аясында гипотермия аппаратын алған Қазақстандағы 6 өңір. Бұған дейін бірнеше қалаға демеушілер қаражатынан осындай құрылғы берілген еді. Қазіргі таңда жобаның жаплы құны 132 млн. теңгені құрады.