Шымкент пен Сарыағаш қаласында жаңа перинаталдық орталық ашылады

375
Шымкент пен Сарыағаш қаласында жаңа перинаталдық орталық ашылады

Ана өлімін азайту мақсатында биыл Оңтүстікте екі перинаталдық орталық бой көтермек. Оның бірін Шымкентте, екіншісі Сарыағаш қаласында ашылу жоспарлануда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев мәлімдеді.

Басшының айтуынша, жылдағы көрсеткіштерде халық өсімі артып келеді. Айта кетейік, бүгінде Оңтүстікте бес перинаталдық орталық бар. Оның төртеуі Шымкент қаласында. Ал бесінші мекеме Түркістан қаласында орналасқан.

Мұхан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Ана өлімін азайту мақсатында биыл Сарыағашта және Шымкент қаласында бір-бір перинаталдық орталық ашуды шешіп жатырмыз. Мамандардың біліктілігін арттырамыз. Оларды шет елге  оқыту мақсатында шетелге оқуға жіберу үшін меморандум жасауды қолға алдық.»