Дәрігерлер үшемдерді шаңырақтарына шығарып салды

604

ОҚО – да үшемдер дүние есігін ашқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бүгін №4 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері 2 келідей салмақпен туылған сәбилерді күтіп, баптап бүгін шаңырақтарына шығарып салды.

Үш ұл баланың анасы – Қарлығаш Қабылова наурыздың 28 – і күні ота жасалған. Маниевтер әулетінде дүниеге келген үш атұстарға ата – әжелері ырымдап Мүслім, Ислам және Имран деген ат қойған екен.

Бұл 25 жастағы Мақтаарал ауданының тұрғынының үшінші рет құрсақ көтеруі. Ұл мен қыздың анасы бес баласы болатынын жүктілігінің алғашқы аптасында білген екен. 35 аптада, айы – күні толмай туылған сәбилердің салмағы небәрі (2530 грамм, бойы – 46 см, 2000 грамм, бойы – 43 см, 2220 грамм – бойы 45 см) болған.

Өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Айы – күні жетпей өмірге келген бөбектер біраз уақыт шала туылған сәбилерге күтім жасайтын арнайы бөлімшеде болған. №4 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде салмақ қосқан. Шала туылған сәбилерді дәрігерлер баптап, барлық қажетті медициналық көмек көрсеткен. Ақ халаттылардың біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, ана –анасы мен жақындары бүгін балаларын бауырына басты.

Жалпы соңғы 10 жылдың ішіндегі санаққа сүйенсек, ОҚО – да жыл сайын 7-13 үшем дүние есігін ашады. Осы уақыт ішінде 81 үшем туылды.

Бір жылда дүниеге келетін егіздердің саны – 800-ге жуық. 10 жылда туылған жергілікті егіздер саны – 7 мыңнан асады. Тек соңғы мерекелік бес күннің өзінде облыс аумағында 700-ге жуық сәби туылды. 2017 жылы облыста 76 353 сәби дүниеге келген. Олардың жартысына жуығы Шымкент қаласында өмірге келген. Бала туу көрсеткіші бойынша алғашқы қатарда Түркістан қаласы, Сарыағаш, Мақтаарал және Сайрам аудандары тұр.