Төлқұжат алу үшін әртүрлі алым енгізілмек

42

Беті аз болған сайын, бағасы арзан. Елімізде төлқұжат алу үшін әртүрлі алым енгізілмек. Мәжіліс депутаттары осындай заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Оған сай паспорт 22 беттен тұрса, мемлекеттік алым 12 мың теңге, 36 бет болса 24 мың, ал 48 бет болса, 36 мың теңге төлейсіз. 16 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік жасау көзделген. Десе де, заң жобасы әлі қаралады. Кейін сенат бекітіп, президент қол қоюы керек.