Түркістандық медицина қызметкерлері республикалық спартакиада жеңімпазы атанды

95

Тараз қаласында медицина қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтті. Жарыс спорттың кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, бильярд сынды 5 түрінен өткізілді.

Спорт додасына еліміздің барлық өңірінен ақ халат иелері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 118 ұпаймен Түркістан облысы жеңімпаз атанды. Облыс құрамасы Түркістан қалалық, Мақтаарал, Түлкібас, Ордабасы, Сауран және Бәйдібек аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінен құралған.

Айта кетейік, үздік үштікті 107 баллмен Шымкент қаласының құрамасы қорытындылады.